» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті.

Отырыста аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Насырадин Тлеухан Халитұлының басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған қызметінің қорытындысын атап өтті.

Тлеухан Халитұлы қызмет атқарған кезеңдерінде ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына үлес қосқан бірқатар маңызды жобалар жүзеге асты.

Атап айтқанда, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі табиғи газға қосылып, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал және Ақай елді мекендерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Көмекбаев, Жаңажол және Иіркөл ауылдарында электр желілерінің құрылысы жүргізілді.

Өткен жылы Жосалы кентінде 156 пәтер пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 50 пәтердің құрылысы жүргізілуде.

Аудан басшысы Тлеухан Халитұлына ауданның дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

– Сіздің еңбегіңіз ауданның құрылыс саласын дамытуда ерекше із қалдырды. Алдағы уақыттарда да еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететініне сенімім мол, – деді аудан басшысы.

Жиын соңында Тлеухан Халитұлына Қармақшы ауданының жоғары марапаты «Құрмет грамотасы» мен арнайы сыйлық табысталды.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, жылы лебізін білдірді.

01 қараша 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930