» » ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЕРЛЕРІНЕ – ЕЛДІК ҚҰРМЕТ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЕРЛЕРІНЕ – ЕЛДІК ҚҰРМЕТ

Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі құрылыс саласына тікелей байланысты. Ал сол саланың қысы-жазы тыным көрмейтін еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсету – елдің өсіпөркендеуіне жантәнімен атсалысқан жандарға деген алғыстың белгісі. Құрылысшылар күні қарсаңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік жиын өтті.
Салтанатты басқосуға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы төрағалық етіп, құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Әкім өз сөзінде құрылыс – ұлт дамуының, өркендеудің бастауы екенін ерекше атап өтті.
– Қай кезеңде де құрылыс саласы – мемлекеттің дамуын айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі болып келді. Ауданымыздағы бүгінгі қарқынды құрылыс соның дәлелі. Бұл жетістік сіздердің маңдай тер, қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңызға ел игілігі жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, соңғы үш жылда аудан көлемінде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобалар іске асты. Әсіресе, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен медициналық нысандар құрылысы ел болашағына салынған сенімді инвестиция іспетті.
Атап айтқанда, Ақай, Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында заманауи спорт кешендері халық игілігіне берілсе, Дүр Оңғар, Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарында жаңа үлгідегі дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды. Бұған қоса, Қуаңдария мен Қармақшы ауылдарында фельдшерлікакушерлік бекеттер пайдалануға берілді.
Мәдениет саласында да ерекше жобалар жүзеге асты. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел назарына ұсынылды. Бұл – ұрпақ тәрбиесіне, рухани дамуға қосылған сүбелі үлес.
Ауданда тұрғын үй құрылысы да жаңа деңгейге көтерілуде. 2023 жылы 51 пәтер, 2024 жылы 156 пәтер пайдалануға берілсе, алдағы 2025 жылы Тәуелсіздік ықшам ауданында тағы 50 пәтердің құрылысы басталды.
Мерекелік жиында бірқатар құрылыс ардагерлері мен сала үздіктері лайықты марапатқа ие болды. Соның ішінде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін иеленген жерлесіміз, құрылыс саласының майталманы Сержан Наметша жиынға арнайы шақырылып, аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, дәстүрге сай иығына шапан жабылды.
Мұнымен шектелмей, өзге де құрылысшылар мен ардагерлерге алғыс хаттар, сый-сияпаттар табыс етіліп, олардың табанды еңбектері құрметпен еленді.
Жиында құрмет төріне шыққан ардагер құрылысшылар Сержан Наметша мен Қаршыға Есдәулетов сөз алып, өздерінің жүрекжарды лебізін білдіріп, жас ұрпаққа ақ баталарын берді.
«ҚТ» ақпарат
19 тамыз 2025 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 366
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 135

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930