» » ЕЛМЕН БІРГЕ ӨСКЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ЕЛМЕН БІРГЕ ӨСКЕН ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Биыл еліміз ұлық мереке – Республика күнін ерекше қуанышпен қарсы алуда. Бұл күн – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланған, халқымыздың тарихи таңдау жасаған сәтін еске түсіретін қасиетті мереке. Ал енді тоқсаныншы жылы осы тәуелсіздікпен бірге өмірін еңбекке арнап, ел дамуына өз үлесін қосып келе жатқан жандар ауданымызда жетерлік.
Соның бірі – Жанат Нақыпова аудандағы Т.Салқынбайұлы атындағы Өнер мектебінде 35 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман.
Уақытпен бірге сала да, қоғам да өзгерді, технологиялар мен талаптар жаңарды. Бірақ Жанат Нұржігітқызы үшін басты құндылық – адам еңбегі мен адалдық өзгермеген. Ол жастарды тәрбиелеуде, әріптестерге бағыт беруде және өз мамандығын дамытуда ерекше еңбек етіп келеді.
– Елдегі тарихи кезеңмен бірге еңбек жолына алғашқы қадам кенттегі әуез мектебінде басталды. Оған дейін мектепті бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай оқушылар үйінде екі жыл қызмет істедім. Сосын бес жыл Талдықорған қаласында педагогика саласы бойынша музыка факультетінде оқып, бітірген соң елдегі әуез мектебіне қызметке орналастым. Ол кезде білім бөлімінің басшысы Мусахан Басшыбаев ағамыз мектеп директорларымен бірге педагогтардың басын қосып, қазақ мектебіне білімді мамандарды іріктеді. Сол кезде әуез мектебіне сұранып, оқыған салам бойынша жұмыс істегім келетінімді айттым. Осылайша Қаршыға Науанова, Нағашыбек Бижанов үшеуіміз осы білім ордасында қызметті бірге бастадық. Міне 35 жыл бір саладан қол үзбей баян аспабынан сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеудемін, – дейді ол.
Қазақ тарихындағы тоқсаныншы жыл кімнің де болсын есінде. Бұл жыл еліміздің тәуелсіздікке қадам басқан, бірақ сонымен қатар көптеген саяси, әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтарды бастан өткерген уақыты еді. Осы кезеңде Жанат Нақыпова сындарлы сәттің айналып өтпегенін еске алды.
– Ұмытпасам елдегі саяси тұрақсыздық, идеологиялық дағдарыс қоғамда алаңдаушылық туғызды. Алайда барлық қиындыққа қарамастан, 1990 жыл қазақ халқының рухани серпіліс жылы болды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр қайта жаңғыра бастады. Қазақ зиялылары мен жастар елдің болашағы үшін белсенділік танытып, тәуелсіздік идеясын алға тартты, – дейді ол өткенге көз жүгіртіп.
35 жылдық еңбек жолы – жай ғана сан емес, тұтас бір дәуірдің айнасы. Республика күні ел тәуелсіздігінің, егемен рухының символы болса, Жанат Нұржігітқызы секілді азаматтардың табанды еңбегі сол егемендіктің тірегі іспетті. Ұлағатты ұстаз өз саласында үлкен тәжірибесімен, өмірлік даналығымен бөлісіп, жас мамандарға үлгі болып келеді.
Республика күні – еліміздің рухани тәуелсіздігінің мерекесі болса, өз ісіне адал мамандар – сол рухты биікке көтерушілер. 35 жыл елмен бірге еңбек етіп келе жатқан тұлғалар – жас ұрпаққа үлгі, еңбек пен отансүйгіштіктің символы.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 қазан 2025 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 495

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031