» » «ШИПАЛЫ АЛАҚАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«ШИПАЛЫ АЛАҚАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары жастардың жаңа бастамалары мен тың идеясы мемлекет тарапынан қолдау тауып, нақты жобаларға айналуда. Бұл – аудан экономикасы мен әлеуметтік саласының жандануына серпін беріп отыр. Соның жарқын бір дәлелі – жуырда аудан орталығында ашылған «Шипалы алақан» массаж орталығы.
Бұл емдеу орны – тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған заманауи әрі кешенді жоба. Жеке кәсіпкер Сезім Маратқызының бастамасымен жүзеге асқан бұл орталық халыққа кәсіби және қолжетімді қызмет түрлерін ұсынып отыр.
Кәсіпкер мемлекеттен 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, оған биоэнергомассажер аппараты мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Қазіргі таңда орталық заманауи талаптарға сай толық жабдықталып, сапалы қызмет көрсетуге кірісіп кетті.
«Шипалы алақан» – бұл жай ғана массаж жасайтын кабинет емес. Бұл – адамның тән саулығын ғана емес, рухани тыныштығын да қалпына келтіруге бағытталған кешенді терапия орны. Мұнда әртүрлі бағытта: жалпы массаж, нүктелі массаж, емдеу массажы, бал массажы, балалар массажы, косметикалық массаж түрлері ұсынылады.
Массаж – тек ауырған жерді емдеу емес, бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін ерекше тәсіл. Қазіргі күйбең тіршілікте адамның денесі ғана емес, жүйкесі де қажиды. Ал массаж сондай сәттерде денені де, жанды да тыныштандырып, адам бойына жаңа қуат береді.
Жеке кәсіпкер массаж ісіне 2020 жылдан бері бет бұрып, алдымен балалар мен әйелдерге арналған жеңіл массаж түрлерімен айналыса бастаған. Қызығушылықпен басталған бұл іс бүгінде кәсіпке ұласып отыр. Кәсіпкердің ендігі мақсаты – орталық жұмысын кеңейтіп, қызмет аясын одан әрі жетілдіру.
Ашылғанына бір айға жуық уақыт болса да бүгінде өзінің тұрақты тұтынушылары бар. Сондай-ақ ол балаларға дисплазия, майтабандылық, гипертонус секілді белгілеріне қарай массаж түрлерін жасайды. Орталықта ұсынылатын ем-шаралар қолжетімді бағада жүргізіледі.
– Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғынға қолжетімді, сапалы қызмет ұсыну. Денсаулық – ең қымбат қазына. Сол қазынаны сақтау – әр адамның да, қоғамның да басты міндеті. Орталығымыз – адамдарға тек ем емес, өмір сапасын арттыруға бағытталған қолдау орталығы болсын деген ниеттеміз, – дейді Сезім Маратқызы.
«Шипалы алақан» – ауданның медициналық қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне оң әсер ететін маңызды бастама. Бұл аудан жастары үшін де үлкен үлгі. Мемлекет қолдауы мен өз талпынысын ұштастыра білген жанның ісі – өзгеге серпін, қоғамға да пайда.
Жуырда бой көтерген бұл орталық – денсаулық пен жан тыныштығына бастар шипалы жол. Бүгінде сүйікті жұмысының кілтін ұстап, массаж кәсібінің майталман маманы болған Сезім Маратқызының жаңа бастамасының берекелі болуына біз де тілекшіміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 қазан 2025 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 703
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 444

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031