» » Алақанмен шипа берген

Алақанмен шипа берген

Жуырда «Шипалы алақан» массаж орталығының тұсауы кесілді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған орынды ашу – Әсем Мерекованың идеясы. Оның айтуынша, бұл жер – дертіне ем іздеген жандарға алақанмен шипа береді.
Індет өршіп, екі өкпені қысқан тұста еріктілердің қатарынан көрініп, тегін укол, система салған ақ халатты абзал жанның бірі – Әсем Мерекова. Сол мезетте ол өзіне арман, мақсат қоя білді. Әрі оған жету жолында аянып қалмады. Солай ерік-жігерін бір бо­йына жинаған ол өз қаражатына мас­саж орталығын ашты. 1 адамды жұ­мыспен қамтып отыр. Әсілінде тұр­ғындарға көрсетілетін қызмет түрі де аз емес. Бағасы қолжетімді, заманауи құ­ралдармен ауырған нүктенің үстінен түседі.
– Мұнда биоэнергетикалық массажер бар. Бұл – бірнеше медициналық процедураларды алмастыратын ерекше құрал. Оның ішінде массаж, акупунктура, электрофорез бар. Бір рет пайдаланып көріп, сізге тірек-қимыл аппараты мәселесінен арылу керек екенін түсінесіз. Алдымен лимфа жүйесіндегі тоқырау, одан соң токсиндерді организмнен шығару, яки тазарту қызметі көрсетіледі. Нәтижесі бірінші процедурадан кейін бірден байқалады.  Әсіресе бел ауруы, буын ауруы, аяқ-қолдың ісінуі, репродуктивті жүйеде зәрмен проблемасы барларға кеңес беремін. Бұл массаж түрі қанды тазартады, айналымын жақсартады, метаболизмді, клеткалық белсенділікті арттырады, иммунитетті нығайтады,  ағзаның өзін-өзі емдеуін, вегетативті жүйке жүйесін реттейді.  Ұйқы сапасын да жақсартып, ісінуді жояды. Бұдан артық салмақты да ретке келтіруге болады, – дейді Әсем Ідірісқызы.
Айта кеткен жөн, мұнда классикалық, дренажды, банкалық, Қытай нүктелік, балды, антицеллюлитті массаж түрі жасалады. Әрі балалар массажы мен бет күтімі  массажы да бар. Биомассажёр құрылғысымен инсульт, остеохондроз, артрит, беттің қисаюы (нервтен), радикулит, ДЦП ауруларын емдейді. Массажбен қоса инъекциялау жұмыстарын да жүргізеді. Маманның айтуынша, балалар массажы – 1000 теңге болса, бұл ересектер үшін – 2500 теңге. Ал аппаратпен емдеу құны – 3000 теңге. Егу бойынша,  бұлшықеттен – 300 теңге, тамырдан – 700 теңге шығыныңыз болса болғаны. Айта кеткен жөн, орталықта жанұялық дәрігердің терапевтік кеңесі бар. Бұл балаларға – 1500 теңге болса, үлкендерге – 2000 теңге. Осы кеңес арқылы укол, системалар салынады.
Бас ауырып, балтыр сыздаса, дертке дауа, жанға шипа, бастысы – қалтаға қонымды баға қажет болса, «Шипалы алақан» массаж орталығының есігі әрдайым ашық. 

Айнұр ӘЛИ
15 маусым 2021 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031