» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ


Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Қызылорда қаласында облыстық «Алтын Күз – 2025» мерекелік шарасы аясында Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Ауқымды шара аясында ауданнан жеткізілген күріш, бақша өнімдері, көкөніс, ет, балық, сүт өнімдері қала тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынылды. Жәрмеңкеге келген тұрғындар өнімдердің сапасына оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Осыған орай, бүгін аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аталған шараға белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып, жиналғандарды құттықтады.

«Облыс орталығында өткен осындай ауқымды шараға белсене қатысып, аудан абыройын арттырған барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл — бір ғана саланың емес, бүкіл ауданның ортақ жеңісі. Қармақшы қашан да еңбек пен бірліктің мекені екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», – деді өз сөзінде.

Шара барысында бірнеше сала қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов аудан еңбеккерлеріне ризашылығын білдіріп, ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызына тоқталды.

Еске салсақ, Қармақшы ауданы былтыр егін шаруашылығынан «Үздік» деп танылса, биыл мал шаруашылығы саласы бойынша «Озат аудан» атанып отыр. Бұл жетістік — аудан басшылығы мен ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

20 қазан 2025 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031