» » «АЛТЫН КҮЗ-2024» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«АЛТЫН КҮЗ-2024» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


Жосалы кентінде, Жолдыбаев көшесінің бойында «Алтын күз-2024» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек жәрмеңкені аралап, өнімдердің бағасын тексеріп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен еркін әңгімелесті.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 123,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері 49 жүк көлігімен жеткізілді. Оның ішінде 25 тонна ақ күріш, 2,7 тонна ет және балық өнімдері, 45 тонна бақша дақылдары, 5 тонна күріш қалдығы және 18 тонна көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.

Жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар өнімдердің сапасына және қолжетімді бағасына ризашылығын білдіріп, саудаға белсенді түрде қатысты. Шарада тұрғындарға сапалы әрі экологиялық таза өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылды.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
20 қазан 2024 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930