» » БАЙҚОҢЫРДА ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БАЙҚОҢЫРДА ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


Байқоңыр қаласында облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламов арнайы қатысып, жәрмеңкенің ұйымдастырылу барысын көрді.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 76 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ет, балық, сүт өнімдері, күріш, көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да күнделікті тұтынатын тағам түрлері ұсынылды.

Қала тұрғындарын сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген шара Қармақшы ауданы әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан бірлесе ұйымдастырылды.

Жәрмеңке барысында өнімдердің бағасы нарықтан төмен ұсынылып, қала тұрғындары тарапынан жоғары сұраныс пен оң пікірлерге ие болды.

05 қазан 2025 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30