» » ЕЛОРДА ТӨРІНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

ЕЛОРДА ТӨРІНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ


Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымды жәрмеңкесі өтті. Аталған шара елорда жұртшылығына Сыр өңірінің табиғи, экологиялық таза және сапалы өнімдерін ұсынуға бағытталған.

Шараға Қармақшы ауданынан арнайы қатысып, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіріп барған аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов пен тиісті сала қызметкерлері аудан өнімдерінің сапалы әрі уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етті.

Жәрмеңке аясында ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары елордалық тұтынушыларға өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, «Жаңажол» ЖШС-і 20 тоннадан астам күріш, ал «Дәуіт» шаруа қожалығы 20 тоннаға жуық қауын мен қарбыз өнімдерін алып барды.

Қармақшы ауданының дәмі тіл үйірер, табиғи әрі қолжетімді бағадағы өнімдері жәрмеңке алаңынан лайықты орын алып, көпшілік тарапынан сұранысқа ие болды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған халықтың қарасы қалың болды. Әсіресе елордада тұратын сырбойылықтар туған өлкенің дәмін татып, ризашылық көңілмен тарқасты.

Аталған жәрмеңке – отандық өнім өндірушілерді қолдау, тұтынушыларды сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бағытындағы тиімді бастамалардың бірі болды.

20 қыркүйек 2025 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930