» » Кезекті күзгі жәрмеңке қалалықтарды қуантуда

Кезекті күзгі жәрмеңке қалалықтарды қуантуда

qarmaqshy-tany.kz Ел ырзығын тасытып, берекесін арттыратын күз айлары – әлеуметтің қыс маусымына қапысыз қамдануға кірісетін шағы. Қамданыстың басты шарты, әрине, жеткілікті азық-түлік қорын жасақтау екендігі бесенеден белгілі. Бұл әсіресе, көмір түсіріп, тамызық жинауға бас ауыртпайтын, қорасында қоңды мал ұстамайтын қалалық ағайынға тән сабылыс.

Қызылорда қаласы тұрғындарының осынау сұранысын Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен өткізілген жәрмеңкесі жақсы әсер қалдыруда.

Жәрмеңкеге 50-ден астам жүк көлігімен 100 тоннадан жоғары ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан төмен бағада сатылуда.

Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 60 тонна шамасында бақша өнімдері, 7 тоннаға жуық ет пен балық өнімдері, кондитер және бакалея өнімдері, 220 кг сүт өнімдері, 16 тонна жем шөп, 10 бас тоқты жеткізілді.
Жәрмеңкеге жарыса жүгірген жұртшылық қыс қамын қамданып, керекті өнімдерін алып, үйді-үйге жақсы көңіл күймен тарасуда.
05 қараша 2022 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930