» » СЫР СҰЛУЫ – ҚАРМАҚШЫНЫҢ ДӘМІМЕН!

СЫР СҰЛУЫ – ҚАРМАҚШЫНЫҢ ДӘМІМЕН!


Қызылорда қаласының «Журба» көшесінде орналасқан «Алтын күз – 2025» мерекесі аясында Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Молшылық пен берекенің мерекесіне айналған жәрмеңкеге ауданнан жалпы көлемі 100 тоннаға жуық өнім жеткізіліп, 51 жүк көлігімен қала тұрғындарына ұсынылды. Барлық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды.

Сауда сөрелері Қармақшының құтты топырағынан келген түрлі өнімдерге толды. Мұнда – 35 тонна ақ күріш, 45 тонна бақша өнімдері, 10,5 тонна жаңа көкөніс, 1,5 тонна сапалы ет, 2 тонна балық, 250 келі сүт өнімдері, 745 литр шұбат, 3 тонна ас тұзы, сондай-ақ ара балы мен басқа да үй өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды.

Ауданнан әкелінген экологиялық таза, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары. Әсіресе, табиғи шұбат пен Қармақшы күріші қала тұрғындарының ерекше ықыласына ие болды.

Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, облыстық басқарма басшылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, аудан өнерпаздарының ұлттық нақыштағы сахналық туындаулары орындалған арнайы концерттік бағдарламасын тамашалады.

Қала тұрғындары Сырдың қасиетті Қармақшы мекенінен жеткізілген өнімдерді қуана қабылдап, өз ризашылықтарын білдірді.

18 қазан 2025 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 204
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031