» » Сыр елінің молшылық керуені елордаға жөнелтілді

Сыр елінің молшылық керуені елордаға жөнелтілді




Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Бүгін Сыр өңірінен молшылыққа толы жүк керуені Елордаға жолға шықты.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

Жалпы жәрмеңкеге 50 жүккөлікке тиелген 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 500 тоннаға жуық өнім түрлері ұсынылады.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 20 тоннадай балық өнімдері, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен мәдени-танымдық концерттік бағдарлама өтеді.
11 қыркүйек 2025 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930