» » СЫР ДИҚАНДАРЫНЫҢ СЫЙЫ

СЫР ДИҚАНДАРЫНЫҢ СЫЙЫ

Күз – берекенің мезгілі. Бау-бақша түгел жиналып, қырман басы тазаланатын уақыт. Осындай молшылық пен тоқшылықтың бір парасы сенбі, жексенбі күндері елордада Сыр өңірінің тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкесіне ұласты. Таң сәрімен тынымсыз тіршілікке кірісетін диқандар ала жаздай баптаған өнімдерін астаналықтарға ұсынды. Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, тіпті ұлттық сусын да жеткізілді.
Дария бойындағы диқандар әдеттегідей өзінің мол дақылдарымен барды. Астана қаласын өзіндік думанға бөлеген ауқымды шараға тұрғындар көп жиналды. Жәрмеңкеде Аралдың балығы мен Қазалының конфеті, бал татыған Қармақшы мен Жаңақорғанның қауынқарбызына деген сұраныс жоғары болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытып, зор ықыласын жеткізді.
– Астанаға көшіп келгенімізге 5-6 жылдың жүзі болды. Сырда туып-өскен біз үшін күріштің, қауын мен қарбыз, балықтың орны ерекше ғой. Ауылдан ұзап кеткен соң бұларды сағынады екенсің. Сол үшін жыл сайын болатын жәрмеңкені құр жібермейміз. Қажетті азықтүлікті толтырып алып қаламыз, – дейді Ермағамбет Танхиев.
Сондай-ақ келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.
Онда 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауар өндірушілерінің құны 270 млн теңге болатын 600 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жемісжидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері бар.
Аймақтың аграрлық саласында бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауылшаруашылығы саласы қарқынды дамуда.
Сыр елінде осы жылдың 8 айында ауылшаруашылығында 58,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,1%-ға артқан. Жалпы биыл 190 мың гектарға жуық жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады. Ал егісті әртараптандыру бағытында 2,6 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 4,4 мың гектарға дақылдар егілді.
Сонымен қатар диқандарға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылықтар күтіп-баптау жұмысын агротехникалық талаптарға сай жүргізді. Егін жинау жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.
Бүгінде облыста егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егілген 85,6 мың гектар күріштің 50,3 мың гектары орылып, 42,7 мың гектары бастырылды. Әр гектардан орташа есеппен 52,1 центнерден өнім алынуда.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 36,6%-ға, қой мен ешкі 22,3%-ға, жылқы 0,1%-ға, түйе 4,3%-ға, құс 7,7%-ға көбейді. Сондай-ақ өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Қазірде Сыр елінің ауылшаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда. Олардың басым бөлігі – күріш. Бұл өнім Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.
Дайындаған Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 қазан 2024 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031