» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Ауданымызда елді мекендердің келбетін көркейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Бұл – тек сыртқы келбет қана емес, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудағы маңызды қадам. Осы бағыттағы жұмыстардың орындалу барысын қадағалау үшін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы және Иіркөл ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды.
Аудан басшысы сапар барысында алдымен Жосалы ауылдық округінде орналасқан орталық алаңды абаттандыру жобасымен танысты. Аталған жобаның құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Қазіргі таңда алаң аумағында тас төсеу (брусчатка) жұмыстарының 90%-ы орындалған. Сонымен қатар, қоршау орнату жұмыстары да аяқталуға жақын. Ал заманауи құрал-жабдықтар алаң аумағына толық жеткізілген.
Жоспарға сәйкес, бұл көрікті нысан қазан айының соңында толық пайдалануға берілмек. Бұл – тұрғындар үшін серуендейтін жаңа демалыс орны ғана емес, ауыл келбетінің ажарын аша түсетін игілікті жоба болмақ.
Сапардың келесі бағыты Иіркөл ауылдық округінде жалғасты. Мұнда аудандық маңызы бар «Самара – Шымкент – Иіркөл» автожолы бойындағы су өткізгіш құбырға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы бұл құрылыс барысын да жіті бақылап шықты.
Аталмыш жұмыстар аясында ұзындығы 0,3 шақырымдық айналма жол салынған. Су құбыры төселетін аумақтың жол табаны нығыздалып, қажетті су өткізгіш құбыр орнатылған. Қазіргі таңда құбыр үстіне құм төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Әрбір нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды қатаң тапсырды. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті талаптардың орындалуын қадағалауды жүктеді.
Жергілікті билік өкілдерінің тұрғындар игілігі үшін атқарып жатқан бұл жұмыстары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты көрсеткіші. Алдағы уақытта да ауылдар заман талабына сай жаңарып, елді мекендер жайлы әрі тартымды бола түсері сөзсіз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
19 қазан 2025 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031