» » Кент көркейіп келеді

Кент көркейіп келеді

Уақыт алға жылжыған сайын ауданымыз да көштен қалмай дамып келеді. Жыл сайын жаңа жарқын бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде ауылдың келбетін жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ерекше ден қойылған. Аудан орталығы Жосалы да біраз жаңарғаны анық. Десе де кентті көркейту жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Осы орайда жуырда аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірнеше нысанды аралады.

Аудан басшысы бірінші кезекте Т.Рысқұлов және Жолдыбаев көшелеріндегі абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерсе, А.Құнанбаев көшесіндегі абаттандыру жұмыстары жүргізілетін орынды бақылады. Бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және кенттің көркін жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр.

Мұнан соң Самара-Шымкент трассасының бойындағы саябақтың жағдайын көріп, саябақтағы демалыс орындарының, жаяу жүргінші жолдарының және балаларға арналған алаңдардың жағдайын бақылады. Сонымен қатар, саябақтың тұрғындар үшін маңызды демалыс орны екенін атап өтті.

Бақылау жұмыстары келесі кезекте Сырдария өзенінің бойынан салынған жағажайда жалғасты. Мұндағы жұыстарды пысықтаған аудан әкімі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ Ү.Томанов көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қарап, сапасы мен мерзімдерін тексерді. І.Мүсірбаев көшесі мен Жосалы – Жалағаш автожолының бойында жүргізілетін абаттандыру жұмыстарының орындарын да көрді. Бұл жұмыстар кенттің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Аудан әкімі әр нысанды аралау барысында тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады. Жауапты тұлғалармен сөйлесіп, жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң тапсырды.

«ҚТ» ақпарат
10 шілде 2024 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930