» » САЯБАҚ СӘНІН КЕЛТІРГЕН

САЯБАҚ СӘНІН КЕЛТІРГЕН

Адам туған жерін сүйсе сол топыраққа тіршілігін арнайды. Әрбір ағашын аялап, әрбір гүлін күтіп, тыныс алған ауасына шексіз құрметпен қарайды. Өз туған ауылының көркеюіне қолынан келгенін аямай, ауыл саябағына жан бітіруге тер төгіп жүрген жанның бірін Ақжар ауылына барған іссапарымызда жолықтырдық.
Бір қызығы, Ағипаш Нұрмаханова қоғамдық жұмыс негізінде жасаса да бұл істі ешқандай міндетпен емес, шынайы жанашырлықпен, жүрек қалауымен жасайды. Сүйіспеншілікпен жасалған жұмыс көзге айқын көрініп тұрады емес пе? Саябақ ішіндегі тазалық бір бөлек әңгіме. Арнайы гүлзарлар отырғызылып, көгал егілген. Әрбір ағаштың орны мен бағыты мұқият жоспарланған. Суғару жүйесі мен жарық шамдары да орнатылып, кешкілік ауыл жастары серуендейтін жарық алаңға айналған.
– Табиғатқа қызмет ету – жанға тыныштық сыйлайды. Кешкісін гүлдерге су құйып жүріп, күннің қалай өткенін де байқамай қаламын. 2 саябаққа қарап жүргеніме 2 жылға жуықтады. Қарапайым ғана адам үлкен өзгеріс жасай алады. Ол үшін тек жүректе туған жерге деген шынайы махаббат болу керек, – дейді ол күлімсіреп.
Расында да біршама жұмыстың жасалғаны көзге көрініп-ақ тұр. Бұл жанашыр жанның еңбегі ауылдастар арасында ерекше құрметке ие. Балалар велосипед тебетін, үлкендер серуендейтін жайлы орын – бүгінде көпшіліктің көз қуанышына айналды. Сондай-ақ саябақ ішінде балаларға арналған ойын алаңы, футбол ойнауға арналған алаң және ауыл түлектерінің атынан салынған киіз үйлер бар. Ауылда өткізілетін көлемді жиындар осында ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар осы саябақта өткізіледі.
– Менің арманым – бұл саябақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын көрікті мекенге айналуы. Бүгін еккен бір түп гүл – ертеңгі ұрпаққа қалатын із. Ал тазалық – бұл үлкен тәрбие. Тазалыққа көзі тойып өскен ұрпақ оны ластамауға талпынады. Екі саябақтың да шөптері қатар өсіп, игере алмай жатсам отбасым келіп қол ұшын береді. Барлығымыз саябақтың сәні кіріп, жыл сайын жайқалса дейміз, – дейді ол тебірене.
Кейіпкеріміз отбасында аяулы жар, 3 перзенттің ардақты анасы. Қос ұлын үйлендіріп, немере сүйіп отырған бақытты жан. Ағипаш анамыз жасап жүрген бұл әрекет – ауыл жастары үшін де үлкен өнеге. Себебі бүгінде «мемлекетке қарап отыра бермей, өзің де үлес қос» деген сөз жиі айтылады. Алайда оны сөзбен емес, іспен дәлелдеген жан аз. Осындай жанашыр жандар тұрғанда ауыл көркейеді, туған жер гүлденеді. Ауылына шын жанашырлық танытып, ел игілігі үшін ешкімнің айтуынсыз еңбек етіп жүрген азаматтар – қашанда құрметке лайық.
Туған жерге деген махаббатты дәлелдейтін атақ та, марапат та емес. Ол осындай қарапайым іс. Сол істі үнсіз атқарып жүрген Ағипаш Нұрмаханова секілді жандар – елге үлгі, болашаққа үміт.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
29 қыркүйек 2025 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930