» » Саябаққа сән кірді

Саябаққа сән кірді

qarmaqshy-tany.kz Кеңес Үкіметі уақытында жерлесіміз Өмірбек Кенжебеков ақсақал Т.Рысқұлов көшесі бойына тал егіп, өзі күтіп-баптап, игілікті істі бастаған екен. 2013 жылы көше бойын заман талабына сай абаттандырылып, саябақ ішіне тас төселіп, беседка, скаймейкалар орналастырылып, түнгі жарықпен қамтылды. Саябақтың негізін қалаған Өмірбек Кенжебековке саябақ ішінен белгі қойылып, «Ардагерлер» саябағы деген атау берілді.

Жосалы кенті әкімшілігі 2018 жылдан бастап саябаққа арнайы бағбан бекітіп, жаңадан көшеттер отырғызып, күтіп-баптауды қолға алған еді. Сол жылдан бері көркейту-көгалдандыру дұмысы жүйелі жүріп келеді. Айта кетейік, мұнда 2019 жылы тұрғындардың бір мезгіл серуендеп, дене шынықтырып, жаттығу жасау үшін демеушілер есебінен тренажерлік жаттығу құралдарын да орналастырды.
Қазір бұл саябақта шамамен 200 түптей тал мен жаңадан егілген көшеттер жайқала көктеп тұр. Биыл Жосалы кентінің белсенді, жанашыр тұрғынының бірі Г.Арыстанбаевамен бірлесіп, көктемде егілген түрлі гүл тұқымдары саябақ ажарын ашып тұр. Саябаққа бекітілген бағбандар күнделікті ішіне тазалық жұмыстарын жасап, суғарып, күтім жасауда.

Саябақтың осындай дәрежеге жетуіне сүбелі үлес қосқан тағы бір тұрғынымыз Бостан Жалғасбаев ағамыздың да еңбегі өлшеусіз. Себебі, ол өзінің 60 жас мерейтойы кезінде осы саябаққа 60 түп ағаш отырғызған болатын. Әрі әрдайым ақыл-кеңесін айтып, өз қолымен жыл сайын жаңадан көшеттер әкеліп, қамқорлығын танытып жүреді.

Осындай елге, жерге деген құрметі мен жанашырлығы шексіз аға-апаларымыз көп болса, туған жеріміз жасыл желекке бөлене беретін болады.

"Қт" ақпарат
03 шілде 2023 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 275

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930