» » ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ – КӘСІП ЕТ

ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ – КӘСІП ЕТ

Қазіргі таңда еңбектеніп, белгілі бір кәсіпті меңгерген адам озып тұр. Адал кәсіп – тек табыс көзі ғана емес, ол адамның абыройын арттыратын, өзіне деген сенімін нығайтатын құндылық. Еңбексүйгіш адам қоғамда да сый-құрметке ие болады. Әр істі беріліп, адал орындау – табыстың кілті.
Бүгінгі заманда да жастарға кәсіп пен еңбек мәдениетін үйрету маңызды. Қолынан іс келетін, кәсіпке бейім адам ешқашан далада қалмайды. Ең бастысы, еңбектен қашпай, қолыңнан келгенді кәсіпке айналдыра білу. Жақында академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының оқытушысы Жанат Жанұзақованың ұйымдастыруымен өткізілген «Қолыңнан келсе – кәсіп ет» атты питчинг осының айғағы. Питчинг алаңында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері, яғни жас болашақ кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынып, болашаққа бағыт алуға арналған тың идеяларын ұсынды. Бірінші «Ұлттық өрнек – заманауи стильде» атты киім коллекциясын жасау жобасын АТ-124 тобының студенті Гүлфизат Сақтағанбаева қорғады. Қазіргі таңда жастардың сәнге деген сұранысы артып келеді. Бірақ нарықтағы киімдердің көбі шетелден әкелінеді, ұлттық нақышымызды ескерген заманауи әрі сапалы өнімдер аз. Сондықтан «Ұлттық өрнек – заманауи стильде» атты киім коллекциясын жасау күнделікті өмірге ыңғайлы, сәнді әрі ұлттық нақышпен ерекшеленетіні анық.
Екінші «Витражды бояулармен әйнекке сурет салу» жобасын АТ-124 тобының студенті Лайло Сангинова (жетекшісі Гүлсім Шүкірәлиева) қорғап, өз жобасының артықшылықтарымен бөлісті. Бұл әдіс арқылы терезелерді, шамдарды, вазаларды, айна бетін немесе ыдыстарды сәндеуге болады. Әрбір туынды эксклюзивті болып шығады. Ал үшінші жоба шелкография әдісі арқылы матаның бетіне заманауи суреттерді, жастарға арналған дизайнерлік логотиптерді түсіруді арнайы пән оқытушысы Жанат Серікқызы таныстырды.
Жобаға қатысушылар «Қолыңнан келсе – кәсіп ет» деген ұранды ұстана отырып, қолдан өздері жасаған ұлттық нақыштағы заманауи киімдерді Қазақстанның және әлемнің сән нарығына шығаруды басты мақсат етуде. Еңбек еткен сайын өзіңді танып, өзгелердің құрметіне бөленесің. Ең басты қағида – адал еңбек ету. Адам адал кәсіппен ғана өседі, рухани да, материалдық тұрғыдан да байиды. Өз қолыңнан шыққан дүниенің қадірі бөлек, өз еңбегіңмен тапқан наның тәтті. Сол үшін әрдайым жастарға айтарымыз: «Қолыңнан іс келеді екен – оны кәсіп қыл. Ешқашан жалқаулыққа бой алдырма, еңбектен қорықпа». Еңбектенген адам ешқашан жаман болмайды, жолы да ашылады, өмірі де нұрлы болады дегенді жөн көрдік.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ,
Байқоңыр қаласы
21 қыркүйек 2025 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 460
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930