» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ


Аудандық жыраулар үйінде Бірыңғай цифрлық платформаға штаттық кестені енгізу тәртібін түсіндіруге арналған ақпараттық жиын өтті.

Цифрлық платформаға енгізу арқылы басқару мен есептілікті оңтайландыру мақсатында өткізілген жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлы жүргізді. Сондай-ақ шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен арнайы іссапармен бөлім басшысы Бағлан Әбділдаұлы және осы департаменттің статистигі Әлібек Сәтбайұлы қатысты.

Жиын барысында әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларын цифрлық форматта көрсетуге арналғаны айтылды. Аталған платформа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, шешім қабылдау үдерісінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған орай, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілі Бағлан Әбділдаұлы штаттық кестені енгізу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Спикер нақты нормалар мен талаптарға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.

Кездесу соңында ұсыныс-пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.

19 қыркүйек 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30