Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ


Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің жаңа моделін енгізу туралы кеңейтілген мәжіліс өтті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып, әлеуметтік саланы жетілдіру бағытында көрсетілетін қызметтердің халыққа тиімділігі жайында атап өтті.

Мәжіліске Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы – Фарида Сағындыққызы арнайы іссапармен келіп, негізгі мәселеге байланысты өткізілетін оқытудың мақсаттары мен жоспарлары бойынша баяндама жасады.

Жиын барысында отбасылық және әлеуметтік саясатты жетілдіру, FSM Social және Socium ААЖ секілді заманауи цифрлық платформаларды енгізу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді әрі нақты бағытта ұсыну мәселелері талқыланды.

Мәжіліс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

20 маусым 2025 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31