» » Жаңа Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді

Жаңа Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді

Мемлекет басшысының 2020 жылғы халыққа Жолдауында ҚР Үкіметіне Әлеуметтік кодексті әзірлеу тапсырылған болатын.

2023 жылдың 20 сәуірінде ҚР Әлеуметтік кодексі қабылданып, ол ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.

Жаңа Кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру.

Бұл ретте, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыстағы 17 Заңдар мен актілердің барлық нормалары біріктіріліп, Әлеуметтік кодекспен қамтылған.

Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай түсінуге мүмкіндік береді.

Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды.

Атап айтқанда, туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі.

Әлеуметтік Кодекстегі негізгі жаңалықтарының бірі , бұл- Отбасының цифрлық картасы.

Отбасының цифрлық картасы дегеніміз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры.

Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр.
Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Сондықтан, Кодексте біріншіден, Отбасылық цифрлық карта мемле-кеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленді.

Яғни, мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады.
Екіншіден – карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады.

Мұндай ақпарат әр отбасына мемлекеттік орган тарапынан SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.

Үшіншіден, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі.

Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде тағайындалады.
Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады.

SMS-хабарлама Министрлік арқылы әр отбасы туралы цифрлық ақпарат зерттеле отырып, күнделікті жіберіледі.
Республика бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 81 мыңнан аса азамат зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар екені туралы хабарлама алған.

Бүгінде соның 53 мыңына мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, төленіп отыр. Қолданысқа жаңадан енгізіліп жатқандықтан, бұл қызметте кейбір кемшіліктер орын алуы мүмкін.

Себебі, кейбір ақпараттық жүйедегі ақпарат ескі болады немесе белгілі бір салада цифрландыру кеш басталғанына байланысты отбасы туралы ақпарат болмайды.

Мысалы, АХАЖ-ды цифрландыру 2008 жылы басталып, базаға сол уақыттан бастап туған балалардың деректері ғана енгізілген.
Сондықтан, азаматтар мұндай қателіктерді жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы растап, Цифрлық картаға өзгеріс енгізуіне болады.

Қазір Цифрлық даму министрлігімен осындай қателіктерді түзетуге мүмкіндік беретін сервистік қосымша дайындалуда.

Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін өзгерістерді ұялы телефон арқылы хабарласып, енгізуге болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті


12 маусым 2023 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031