» » Жаңа Әлеуметтік кодекс туралы

Жаңа Әлеуметтік кодекс туралы

Фото
Қазақстанның Әлеуметтік кодексін жалпы ТМД мемлекеттері тәжірибесіне енгізілетін алғашқы біртұтас әлеуметтік құжат деп айтуға болады.
Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру.


Бүгінгі күні Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қолданыста 17 заңнама бар. Осы заңнаманың барлық нормаларын біріктіріп, Әлеуметтік кодекспен қамтылатын болады. Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды.


Атап айтқанда, туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, сондай-ақ жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен реттеледі.

Әлеуметтік Кодекстегі негізгі жаңалықтарының бірі, бұл - Отбасының цифрлық картасы. Отбасының цифрлық картасы дегеніміз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр.
Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Сондықтан Кодексте біріншіден, Отбасылық цифрлық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік.


Яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады.
Екіншіден – карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады.


Мұндай ақпарат әр отбасына мемлекеттік орган тарапынан SMS-хабарлама түрінде жіберіліп отыр.
Үшіншіден, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі.


Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі дерек¬тер негізінде тағайындалады.
Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады.

SMS-хабарламаны министрлік арқылы әр отбасы туралы цифрлық ақпаратты зерттей отырып, күнделікті жіберіп отырады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша 81 мыңнан аса азамат зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар екені туралы хабарлама алды


Бүгінде соның 53 мыңына мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, төленіп отыр (облыс бойынша 13,8 мың ға хабарлама жіберілген, оның 1,4 мыңына төлемдер тағайындалған). Әрине, қателіктер кездесуі мүмкін.


Себебі кейбір ақпараттық жүйедегі ақпарат ескі болады немесе белгілі бір салада цифрландыру кеш басталғанына байланысты отбасы туралы ақпарат болмайды.

Мысалы, АХАЖ-ды цифрландыру 2008 жылы басталып, базаға осы уақыттан бастап туған балалардың деректері енгізілген.
Сондықтан азаматтар мұндай қателіктерді жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы растап, цифрлық картаға өзгеріс енгізуіне болады.

Қазір Цифрлық даму министрлігі осындай қателіктерді түзетуге мүмкіндік беретін сервистік қосымша даярлап жатыр.
Осы жұмыс аяқталған соң өзгерістерді ұялы телефон арқылы хабарласып, енгізуге болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті


30 мамыр 2023 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031