» » Қазақстанда 1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем проактивті форматта төленеді

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем проактивті форматта төленеді

Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік қызметті проактивті форматқа өзгерту үшін "Отбасының цифрлық картасы" өте маңызды екенін атап өтті. Ол цифрлық карта 1 қаңтардан бастап бүкіл өңірде жұмыс істей ме деп сұрады.
 
"1 қаңтардан бастап әлеуметтік қорғау саласына қатысты барлық төлем мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта жүргізіле бастайды. Бірақ басқа мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі деректер арқылы көрсетілетін қызметтер интеграциядан кейін кезең-кезеңмен беріледі. Мысалы, соттың шешіміне байланысты көрсетілетін қызметтер, шетелден келген азаматтарға берілетін қызметтер", - деп жауап берді Дүйсенова үкімет отырысында.
 
Смайылов "Отбасының цифрлық картасының" пилоттық нұсқасы қыркүйектен бері бірқатар қызмет бойынша жұмыс істеп тұрғанын және қазірдің өзінде тиімділігін көрсеткенін атап өтті.
"Әлеуметтік қолдау алу қажеттілігі Цифрлық карта аясында ақпараттық жүйе арқылы айқындалады. Яғни, азаматтар тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттің қолдауына ие болады. Мемлекет бұл қажеттілікті өзі анықтайды және барлық рәсімді автоматты түрде жүргізеді", - деді премьер-министр.
27 желтоқсан 2022 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930