» » Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау талаптары өзгереді

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау талаптары өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Көзделіп отырған өзгерістер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға қабылданған түзетулерге байланысты енгізіледі.
Атап айтқанда, мынадай жаңашылдықтар ұсынылып отыр:
- кепілді әлеуметтік пакетті ұсыну, оның құнын өтеу тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс істеу мәселелерін реттейтін ережелерді алып тастау;
- АӘК көрсетуге өтініш беру тәртібін проактивті форматта ұйымдастыру;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының АӘК уақтылы төлеуді қамтамасыз етуі және АӘК төлемдерінің ай сайынғы қажеттілігін, төлемдер кестесін қалыптастыру, тиісті уәкілетті мемлекеттік органға АӘК төлеуге қаражаттың қажеттілігі туралы өтінімді жіберу жөніндегі құзыретін айқындау;
- АӘК тағайындау кезеңіне 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу.
Бұл ретте проактивті қызмет оны алушының өтінішінсіз-ақ, яғни, жауапты ведомствоның бастамасы бойынша көрсетілетіні айтылған.
АӘК алушы учаскелік комиссияға өзінің материалдық жағдайын тексеруге келісімб еруі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауғы негіз болмақ.
Осылайша, учаскелік комиссияға материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім берілген күн АӘК тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.
Сондай-ақ құжатта АӘК-ті белсенді форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірін тіркеу қажет екендігі айтылған.
Бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК және ай сайынғы қосымша төлемді төлеуді уәкілетті орган мемлекеттік корпорация арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына немесе электрондық әмияндарға электрондық ақшамен аудару арқылы жүргізеді.
Бұл ретте бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем балалардың жасын ескере отырып, ағымдағы тоқсанға АӘК алушыларға тағайындалады және ай сайын төленеді.
АӘК тағайындау туралы өтініште бір жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларды, оның ішінде ағымдағы тоқсанда бір жасқа толған балаларды көрсету қажет.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімде баланың жасын ескере отырып, балаларға ай сайынғы қосымша төлем төлеу кезеңі көрсетіледі. Бала қайтыс болған жағдайда ай сайынғы қосымша төлем бала қайтыс болған айға төленеді.
Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі деп көзделеді.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында 25 қарашаға дейін қоғам талқылауына ұсынылды. 




12 қараша 2022 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031