» » Атаулы әлеуметтік көмектің төленуіне қандай өзгеріс енгізілді?

Атаулы әлеуметтік көмектің төленуіне қандай өзгеріс енгізілді?

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №459 бұйрығымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар» енгізілді.
Болған өзгерістерге сәйкес, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 3 тараудың 36 тармағы «Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады» деп жаңа редакцияда жазылған.
Осыған орай, алдағы уақытта төлемдер осы өзгеріспен жүзеге асырылатындығын хабарлай отырып, 2019 жылдың қазан айына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қараша айының 10-ші күніне қарай төленетінін назарларыңызға саламыз.

Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
11 қазан 2019 ж. 1 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30