» » Әлеуметтік ID картаның әлеуеті жоғары

Әлеуметтік ID картаның әлеуеті жоғары

Әлеуметтік салада оңтайлы жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – отбасының әлеуметтік цифрлық картасы. Биыл қазақстандықтарға жыл соңына дейін «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасы аясында тегін әмбебап әлеуметтік карталар берілмек. Бұл алдымен зейнеткерлер мен мемлекеттен әлеуметтік көмек алушыларды қамтиды. Жалпы әмбебап әлеуметтік ID карта деген не?
«Қазақстан азаматының әлеуметтік ID картасы» – жәрдемақылар мен төлемдер түсетін пластикалық карта. Карта арқылы бірқатар қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл ретте, карта иесі жеңілдік санатына жататын болса, ақша есепшоттан шығарылмайды, бірақ төлем туралы хабарлама көрсетіледі. Мұны әзірлегенде бірнеше нұсқа қарастырылған. Мәселен, NFС технологиясы бар QR-кодтар мен смартфондарды пайдалану. Бірақ, бұл белгілі бір қиындықтарға байланысты қабылданбапты. Қазір ел цифрландырылу үстінде. Дегенмен көптеген зейнеткер смартфонды толық қолдана алмайды. Сол үшін бұл картаны онлайн және офлайн пайдалана алу үшін пластикалық карта түрінде шығаруға шешім қабылдаған. Картаның тиімділігі неде?
Әмбебап картада бірқатар қызмет түрін пайдалануға болады. Оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, сауда, медициналық және басқа да желілердегі тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға болады. АӘК төлемін, мектептерде көпбалалы және табысы аз отбасы балаларының тегін тамақтануын көздейді. Әлеуметтік карта бойынша жол жүруге 50 процент жеңілдік, шипажайда демалуға 100 процент өтемақы алуға болады. Бұл ретте картаға «мақсатты бақылау» деген жүйе енгізіледі. Яки бұл мемлекеттің заттай жеңілдіктерінің орнына ақшалай берілетін қаражатты басқа дүниеге жұмсауға мүмкін болмайды. Ал министрліктегілердің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – халықтың өмірлік ахуалына мониторинг жүргізу және дағдарыс жағдайындағы отбасыларды жақсырақ өмір деңгейіне алып шығу.
Былтыр алғаш рет Ақтөбе облысынан бастау алған жоба енді барлық өңірде қолға алынбақ. Картаның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізген мамандар оның ауқымын кеңейтуді жөн көрген. Осылайша қазір әлеуметтік ID карта Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізілуде.
Бұл картаны барлық қазақстандық ала алады. Бірінші кезекте ол зейнеткерлерге, мемлекеттік жәрдемақының барлық түрін алушыларға, оқушыларғବ¬беріледі. Бастысы – тегін. Ал карта берумен «Қазпошта» АҚ айналысады. Айта кетерлік жайт, бұл ретте бірнеше жыл бойы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің кассаларында жәрдемақы мен зейнетақы алудың баламалы тәсілі сақталады. Үкімет шешіміне сәйкес әлеуметтік картаға толық көшу 2023 жылға қарай аяқталмақ.
Айнұр ӘЛИ
03 қараша 2020 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031