» » МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК – МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕДІ

МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК – МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазір елдің аузында да, әлеуметтік желілерде де көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларының әлеуметтік жағдайы түрлі пікір тудыруда. Осыған сәйкес, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Сыр бойы» газетіне жариялаған «Біздің міндетіміз – табыс табуға жағдай жасау» атты тұрғындардың әлсіз топтарына материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша берген сұқбатымен танысып шықтым. Расында да, бұл төңіректе облыста көптеген шаралар қолға алынатыны қуантады. Жалпы, әлеуметтік топтарды қосымша қолдау мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік Жол картасы жасалған. Облыс әкімінің айтуынша, аймағымызда көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың дербес әлеуметтік картасы дайындалады.
Әлеуметтік жағдайды қозғағанда алдымен тұрғын үй мәселесі еске түсетіні жасырын емес. Бұл ретте, аймақта тұрғын үйге өте мұқтаж 149 отбасы анықталған. Сол секілді тұрғын үй мәселесін шешуде облыстағы ірі және орта кәсіпорындар мен бизнесмендерді тарту арқылы да жоспар жүзеге аспақшы. Бұл – өте құптарлық іс. Әйтсе де, мемлекет маған бәрін береді екен деген масыл түсініктен аулақ болған да дұрыс. Өйткені, әрбір саналы адам мұны тек өте мұқтаж отбасыларына жасалып отырға қадам екенін білуге тиісті.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
25 сәуір 2019 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930