» » Қазақстанда цифрлық әлеуметтік әмиян іске қосылады

Қазақстанда цифрлық әлеуметтік әмиян іске қосылады


Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік әмиянға енгізіп, азаматтың шотына аудару жүйесі іске қосылмақ. Енді әлеуметтік төлем тағайындалған азаматтарға банк пен қаржы ұйымдарына барып есепшот пен карта аштырудың қажеті жоқ. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн-брифингіде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл бастама мемлекет басшысының әлеуметтік төлемдерді беруді жеңілдету тапсырмасы аясында қолға алынған. Әрі ел азаматтарына көмегі көп. Мәселен, әлеуметтік төлем алу үшін банкке барып, есепшот аштырудың қажеті жоқ. Ол азаматтың ЖСН нөмірі арқылы автоматты түрде ашылады.

Сондай-ақ төлемді әлеуметтік әмиянға аудару банктың банкрот болу, құлдырауы сынды қатерінен қорғау әрі сот орындаушылары мен борышты қайтару қызметімен айналысатын басқа да қаржылық ұйымдардың тәркілеуінен сақтау үшін керек.

Ал қаржы Ұлттық банктің электрон ақша көздерінен аударылмақ.

"Төлем кедергісіз аударылып отырады. Азаматтар мобильді қосымша арқылы жеке кабинетіне кіріп, қаржысын басқара алады. Осы қосымшамен төлем жасауға, QR-код арқылы тауар мен қызмет сатып алуға, ақша аударуға болады", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, қазір әлеуметтік әмиянның техникалық жақтары мен заң тетіктері пысықталуда. Заңға өзгеріс енгізу жағын Ұлттық банк пен елдің Цифрлық даму министрлігі қарастырып жатыр.

"Сынақтан өткізу үшін келесі жылы атаулы әлеуметтік көмекті осы әмиянмен аударып көрмекпіз. Егер бәрі сәтті болса, онда басқа да әлеуметтік төлемдерді аудара бастаймыз", - дейді министрі.

15 қазан 2020 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930