» » 75 мың теңге төлене ме? Министрлік түсініктеме берді

75 мың теңге төлене ме? Министрлік түсініктеме берді

Еңбек министрлігі карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы төлеуге заңнамалық негіз жоқ екенін айтты, деп жазады sputniknews.kz 


Интернетте карантин кезінде азаматтарға 75 мың теңге төленеді деген хабарлама тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде қазақстандықтарға 75 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі деген ақпарат таратқан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы қайта төлене бастайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын айтылғандай, 42 500 теңге төтенше жағдай жарияланғанына байланысты төленген болатын. Ал қазіргі жағдайда шектеу шаралары тек күшейтіліп отыр. Осыған байланысты төлемді жүзеге асыруға заңнамалық негіз жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрлік азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.


05 шілде 2020 ж. 1 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930