» » «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару»

«Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару»

«Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару», «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару жөніндегі функция жүктелді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №76 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 145/НҚ бірлескен бұйрықтары шеңберінде «Электрондық үкімет веб-порталы» арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды, «Электрондық үкімет» egov.kz веб-порталында қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын қайтару бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен артық (қате) төленген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімі
20 қараша 2023 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031