» » Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнетақы жарналары субсидияланады

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы алатындардың зейнетақы жарналары субсидияланады

«Ашық үкімет» порталы бір жарым жасқа толғанша бала күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жоба бойынша қоғамдық талқылау 7 сәуірге дейін жүргізіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Ай сайынғы бюджет субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналары мен қордан бір жасқа толғанша бала күтіміне байланысты табысынан айырылғанда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Егер бала күтіміне төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың 10 пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүргізілмейді», - деп жазылған құжатта.
Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармғында көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенше жүргізіледі.
Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңінде келесі жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражатынан міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жарым жасқа толған күннен кейін жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешім электрондық жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, рәсімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
Сонымен бірге, құжатта субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару қандай жағдайда тоқтатылатыны жазылған:
1) бала бір жарым жасқа толғанша табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Кодекстің 86-бабының
4-тармағына сәйкес тоқтатылғанда;
2) бала бір жарым жасқа толған соң табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса;
3) Кодекстің 72-бабының 2-тармағына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанша табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы мәліметтер келіп түскен жағдайларда тоқтатылады.
4) бала (балалар) қайтыс болған жағдайда бір ай өткен соң;
5) ҚР Неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда бала асырап алу туралы шешімдер жарамсыз деп танылған немесе күші жойылғанына бір ай өткен соң;
6) алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінде тоқтатылады;
7) алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
02 сәуір 2023 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031