» » Әлеуметтік саладағы проактивті мемлекеттік қызмет көрсету түрлері

Әлеуметтік саладағы проактивті мемлекеттік қызмет көрсету түрлері

Қазіргі таңда мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу «е-gov» электронды үкімет порталы, банктік қосымшалар арқылы, ұялы байланыс операторы арқылы «sms» хабарламалар бойынша өтінім беру тиімді жолға қойылған. Қолжетімді қызмет алушылар алдымен ХҚКО немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы мобильді азаматтар базасына тіркеліп, ЖСН-ін ұялы телефон номеріне бекітіп қоюы тиіс. Қағаз түріндегі құжаттар түрін азайту мақсатында Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы төлемге қажетті құжат мәліметтері электронды ақпарат жүйесінен сұратылады.
Бүгінгі күнге төмендегі мемлекеттік жәрдемақылар бойынша проактивті мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылып, өтінімдер қабылдануда.
1. Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау;
2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
4. Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау;
5. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау;
6. Мүгедектiгi бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
7. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомасының арасындағы айырмасының төлемін тағайындау;
8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
9. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау;
10. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау;
11. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау;
12. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау;
13. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау:
1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
3) Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау.
Осы орайда аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлерін проактивті тәсілмен, яғни Халыққа кызмет көрсету орталығына барып кезекке тұрмай-ақ, жылдам, әрі тиімді жеңілдетілген жәрдемақы рәсімдеу түрін пайдалануға шақырамыз.
Зерина ШАЙМЕРДЕНОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
Қармақшы аудандық бөлім басшысының міндетін атқарушы
16 шілде 2022 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031