» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ


К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер мен заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Жиынның негізгі мақсаты — мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен өзекті мәселелер бойынша қатысушыларды ақпараттандыру және тәжірибелік түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Семинарға арнайы шақырылған сала мамандары ретінде Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Маратұлы, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Сәдір Ержанұлы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы қатысты.

Семинар барысында екі негізгі мәселе қаралды. Оның бірі қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер және мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері болса, екіншісі мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін заң бұзушылықтарға қатысты болды.

Баяндамашылар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді, сондай-ақ пікір алмасу алаңы да ұйымдастырылды.

Аталған жиын мемлекеттік сатып алу саласында ашықтықты қамтамасыз етуге және жергілікті мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

19 қыркүйек 2025 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930