» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛІП, БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛІП, БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар шаралар атқарылып, заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты қадамдар жасалды. Жалпы 94 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу жоспарланып, оның басым бөлігі жарияланды. Соңғы бес жылда облыс көлемінде 14 мыңнан аса конкурс ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сала мамандары үшін семинарлар мен оқыту шаралары жиі өткізіліп, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ілкібаев баяндады.

- Биылғы алты айда мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты арттыру, заң бұзушылықтарды болдырмау және жаңа заңнама талаптарын түсіндіру бағытында ауқымды жұмыстар атқардық. Әкімдіктер мен облыстық басқармалар мамандары үшін 55-ке жуық оқыту шарасы ұйымдастырылды, оның ішінде 200-ден астам маманның қатысуымен облыстық семинар-кеңес өткізілді. Астана қаласынан келген сарапшылардың қатысуымен өткен іс-шарада 250 маманға сертификат табысталды. Бұдан бөлек, тексеру комиссиясы және ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп, барлық аудандарда көшпелі семинарлар өткіздік. Мемлекеттік сатып алуларға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер бизнеске қолайлы жағдай жасап, отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды. Мәселен, шарт бойынша төлем мерзімі қысқартылып, аванстық төлемдер көлемі артты. Біз үшін басты міндет - сатып алу процесін барынша ашық әрі тиімді ету, - деді Ғалымжан Маратұлы.

25 шілде 2025 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031