» » Бюджет қаражаты тиімді жұмсалу қажет

Бюджет қаражаты тиімді жұмсалу қажет

Жақында аудандық Жыраулар үйінде облыс бойынша тексеру комиссиясымен «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру тақырыбында» семинар-кеңес өтті.
Жиынға облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Әбдірахманов, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің орынбасары Майра Ахатқызы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының және аудандық Қазынашылық басқарма өкілдері, аудандық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар басшылары, аудандық барлық сала бойынша есепші мамандар қатысты.
Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі», «Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері», «камералдық бақылау нәтижелері және мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін бұзушылықтар мен заңнамадағы өзгерістер», «Мемлекеттік мекемелердің төлемдер жүргізу кезіндегі өзекті мәселелері туралы» және «Мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері» бойынша мемлекеттік аудит, қазынашылық органдарының, мемлекеттік сатып алу саласының өкілдері Әлсейіт Иманқұлов, Жеңіс Қалиев, Сәдір Ержанұлы, Гүлмира Өмірзақова, Мұратбек Құрақбаев хабарлама жасады.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтың алдын алу, қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру – семинар-кеңестің негізгі мақсаты болып табылады.
Былтыр аймақта тексеру комиссиясымен 21 аудиторлық іс-шара бойынша 157 аудит объектілері тексерілсе, оның ішінде 60-ы үстеме тексерулер болып отыр. Тексеру барысында білім, денсаулық, аудандық бөлімдер және басқа да салалар қамтылған. Орын алған заң бұзушылықтар бойынша сот, уәкілетті органдарға негізінен қарау үшін 1114 әкімшілік материалдар жолданған. 313 тұлғаға 32,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынса, 753 тұлғаға «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.
Жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша 90 нұсқама қабылданып, тиісті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға 207 тапсырма, ұсынымдар берілген.
Биыл тексеру комиссиясы 24 аудиторлық іс-шара бойынша 140 аудит объектілерін қамтуды жоспарлап отыр. Оның ішінде білім, денсаулық, спорт саласы және квазимемлекеттік сектор субъектілері бар.
Жиын барысында хабарламашыларға сауалдар қойылып, жауап алынды. Кеңес қорытындысында есепші мамандарды арнайы курстарда оқыту, біліктілігін арттыру бойынша ұсыныс мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларына ұсынылды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 сәуір 2024 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 098

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031