» » Орта білім беруді дамытуға бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша отырыс өткізілді

Орта білім беруді дамытуға бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша отырыс өткізілді

Қызылорда облысы тексеру комиссиясының мүшесі Әбдірахманов Ербол Мұсаұлы және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Қармыс Сәкен Қуанышұлының қатысуларымен Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, бас есепшілерімен дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Аталған шара барысында «Қармақшы ауданының орта білім беруді дамытуға бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудит, Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 12 мемлекеттік мекемеге жүргізілген аудит қорытындысы бойынша сөз болды.

Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Абдрахманов мектеп басшылары мен жауапты қызметкерлері, бухгалтерлік және қаржылық есептілікпен айналысатын есеп қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде ҚР Бюджет және басқа да заңдылық нормаларын сақтауын, нормативтік құқықтық актілерді жетік білуі қажет екендігін ескертті. Материалдық-техникалық жарақтандыру мен қойылған тиісті стандарттарының сақталуын және мемлекет қаржысын тиімсіз жоспарлауды болдырмауға байланысты тиісті іс-шаралар қабылдап, заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, тиісті заңнамаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін тапсырып, қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Отырыс соңында тиісті мамандар есепшілер мен мектеп директорлары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп,ұсыныс пікірлер тыңдалды.
23 қаңтар 2024 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930