» » Мінберде маңызды мәселе талқыланды

Мінберде маңызды мәселе талқыланды

Жуырда Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте «Қармақшы ауданының орта білім беруді дамытуға бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Әбдірахманов, облыс бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Сәкен Қармыс, және аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, бас есепшілер қатысты.

Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов жүргізіп отырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау. Кездесуде облыстық білім басқармасының аудан бойынша білім бөліміне қарасты 12 мемлекеттік мекемеге жүргізген аудит қорытындысы талқыланды.
Аудит объектілерінен қолданыстағы заңдылық нормаларының сақталмауы, оның ішінде бюджет қаражатын активтерді тиімсіз пайдалану, активтерді тиімсіз жоспарлау, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ербол Әбдірахманов айтып өтті.
Ол мектеп басшылары мен жауапты қызметкерлерге бухгалтерлік және қаржылық есептілікпен айналысатын есеп қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде ҚР Бюджет және басқа да заңдылық нормаларын сақтауын, нормативтік құқықтық актілерді жетік білуі қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар материалдық-техникалық жарақтандыру мен қойылған тиісті стандарттардың сақталуын және мемлекет қаржысын тиімсіз жоспарлауды болдырмауға байланысты іс-шаралар қабылдап, заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып бақылауға алуды тапсырды.
Отырыс соңында есепші мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Қт» ақпарат
29 қаңтар 2024 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930