» » КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Сот жүйесі – мемлекеттің әділдікке деген көзқарасын айқындайтын басты институттардың бірі. Соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан сот реформалары осы бағыттағы өзгерістердің ауқымын көрсетеді. Соның ішінде Жоғарғы Сот жанынан жеке Кассациялық соттың құрылуы – тарихи маңызы бар шешім.
Бұл – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қосымша кепілдік беретін, сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған батыл қадам.
Кассация – сот ісін жүргізудің ең жоғарғы сатысы. Мұнда басты мақсат – заң нормаларының біркелкі және дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, сот актілеріндегі елеулі қателіктерді жою. Бұл сатыда жаңа дәлелдер қаралмайды, тек сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі.
Қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттің дамуы заңүстемдігіне байланысты. Кассациялық соттың құрылуы – осы іргетасты нығайтуға бағытталған нақты қадам. Ол сот жүйесіне деген сенімді күшейтіп қана қоймай, азаматтар мен мемлекет арасындағы сенімді диалог орнатуға мүмкіндік береді.
Кассациялық соттың қызметі – әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етудің жаңа тетігі. Байқоңыр қалалық сотының қызметкері ретінде мен бұл өзгерісті сот жүйесінің дамуындағы үлкен жетістік деп санаймын. Бұл – азаматтардың мүддесін қорғау жолындағы әділдікке бастайтын сенімді көпір.
Ж.Ахметова,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы
18 қыркүйек 2025 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930