» » КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ҚОҒАМНЫҢ СОТҚА ДЕГЕН СЕНІМІ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ – ҚОҒАМНЫҢ СОТҚА ДЕГЕН СЕНІМІ

Құқықтық мемлекеттің негізі – заңның үстемдігі мен әділ сот төрелігі. Осы қағидаттарды іске асыруда кассациялық соттың рөлі ерекше. Бұл инстанция – сот жүйесінің жоғарғы сатысы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды тетік.
Кассациялық тәртіппен қарау, ең алдымен төменгі сот сатыларында шығарылған шешімдердің процессуалдық және материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын тексереді. Істің мәні қайта қаралмайды, алайда сот актісінің заңдылығы мен негізділігі терең сарапталады. Бұл әділеттілікті қалпына келтіру үшін берілетін соңғы мүмкіндік.
Азаматтық процестік кодекстің 438-бабына сәйкес, кассациялық шағым немесе наразылық тек заңның өрескел бұзылуы орын алған жағдайда қаралуы тиіс. Бұл талап – сот жүйесінің тұрақтылығын, шешімдердің құқықтық тұрғыдан дәйектілігін сақтауға бағытталған.
Кассациялық инстанция – жәй ғана қадағалау органы емес. Бұл – қоғамның сотқа деген сенімін қалыптастыратын, құқық үстемдігін нақты қамтамасыз ететін құрылым. Оның шешімдері ел ішіндегі құқықтық саясаттың бағытын айқындап, құқықтық мәдениеттің дамуына ықпал етеді.
Судьяның кәсіби жауапкершілігі мен ішкі заңгерлік әдебі, әсіресе кассациялық сатыда ерекше маңызға ие. Себебі бұл деңгейде қабылданған әрбір шешім тек бір істің тағдырын емес, тұтас құқықтық жүйенің беделін айқындайды. Осы орайда ҚР Жоғарғы Соты тарапынан жүргізіліп жатқан цифрландыру, сот актілерінің ашықтығы және бірізді сот тәжірибесін қалыптастыру жұмыстары – кассациялық сатының пәрменділігін одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз.
Кассациялық сот – бұл құқық пен әділеттің соңғы бекінісі. Оның әділдігіне деген сенім – қоғамның заңға, мемлекетке және болашаққа деген сенімінің көрсеткіші.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың судьясы
16 тамыз 2025 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031