» » "AMANAT": АҚАЙ АУЫЛЫНДА КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"AMANAT": АҚАЙ АУЫЛЫНДА КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Ақай ауылында көшпелі мобильді қабылдау өтті.

Қабылдауға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Еркін Рзалиев, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, "Ақай" бастауыш партия ұйымының жетекшісі Гүлмира Орынбаева, Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Игенбаев қатысты.

Мобильді қабылдауға келген тұрғындар
әлеуметтік төлемдер, медициналық көмек, тұрғын үй мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді.

Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, тұрғындарға заң аясында шешілуіне жұмыс жасалатыны туралы айтылды.

Көтерілген мәселелердің орындалуы "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының бақылауында болады.
18 қыркүйек 2025 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

15 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 693

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031