» » МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен мобильді қабылдау өтті.

Қабылдауға жазылған Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары банк алдындағы несие қарызы, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді.

Мәселен, Байқоңыр қаласының тұрғыны несие төлеу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты заңгерлік кеңес беруді сұрады.

Өз кезегінде қабылдауға жазылған Төретам кентінің тұрғындары мемлекеттік АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алуға көмек сұраса, қала тұрғындары бірнеше жыл жұмыссыз жүргенін айтып, жұмысқа орналасуға ықпал жасауын сұрады.

Тұрғындарды қабылдаған партия филиалының төрағасы, Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркін Рзалиев, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Берік Бакиев, Қызылорда облысы Әділет департаментінің "Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Жанат Баекеева мәселелердің заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жеткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берді.

Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының назарында болады.
27 ақпан 2025 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031