Құрылтай
» » КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жумадьяров Байқоңыр қаласының тұрғындарын қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға жазылған қала тұрғындары әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді.

Алғашқы болып қоғамдық қабылдауға кірген Ауған соғысының ардагері Үмбет Тәжібаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет тарапынан берілетін көмек 21 мың теңгені ғана құрайды. Ауғанстан соғысына қатысқандардың көбісінің әлеуметтік жағдайы неғұрлым төмен, мүгедектіктің кесірінен жұмысқа жарамсыз деп атап өтті.

Партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жумадьяров Ауған соғысы ардагерінің өтінішін мұқият тыңдап, тиісті ұсыныстар әзірленіп, жауапты мемлекеттік органдарға жолданатындығы туралы жеткізді.

Келесі кезекте қабылдауға жазылған қала тұрғыны жұмыспен қамтуды сұрады.

Қоғамдық қабылдаудан кейін өтініш білдірген азаматшаның құжаттары (түйіндеме, жеке куәлік, еңбек кітапшасы және т.б. құжаттар) бірнеше мекемелерге жолданды.

Барлық өтініштердің оңтайлы орындалуы "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының бақылауына алынды.
29 қаңтар 2025 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31