» » "AMANAT": КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"AMANAT": КӨШПЕЛІ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Ақай ауылында көшпелі мобильді қабылдау өтті.
Қабылдауға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Бота Есеналиева, Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ержан Игенбаев, Ақай ауылдық округінің әкімі Батыржан Тұрғанбаев қатысты.
Мобильді қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік төлемдер, медициналық көмек, жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді.
Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, тұрғындарға заң аясында шешілуіне жұмыс жасалатыны туралы айтылды. Көтерілген мәселелердің орындалуы "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының бақылауында болады.
26 маусым 2025 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930