» » «АНА-ҰРПАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»: АУДАН АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ

«АНА-ҰРПАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»: АУДАН АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ


Қармақшы ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Ана – ұрпақтың шамшырағы» тақырыбында көпбалалы батыр аналармен кездесу кеші өтті.

Шараның басты мақсаты – алтын құрсақты аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге ету және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Мәдени іс-шара «Руханият» орталығында ұйымдастырылып, онда ауданға еңбегі сіңген көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

Кеш шымылдығы тақырыптық прологпен ашылды. Сахнада ана бейнесі мен ұлттық болмысты айшықтайтын көріністер ұсынылып, дәстүрлі «Бесік жыры» орындалды. Бұдан кейін жырау Руслан Өтегенов аналарға арналған арнау-жырын оқып, көрермен ықыласына бөленді.

Шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жүргізді. Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаев сөз сөйлеп, батыр аналарға алғыс айтып, құрмет көрсетті:

-Қармақшы ауданы – қашан да батыр аналарымен, ұрпақ тәрбиесіне еткен еңбегімен ерекшеленетін киелі өлке және оларға деген құрмет ерекше. Бүгінгі шараға қатысып отырған әрбір ана – сол асыл дәстүрдің, сол руханияттың жарқын жалғасы. Қазақ «Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен» ананы қашан да қастерлеген. Сондықтан сіздерге көрсетілер құрмет – елге көрсетілген құрмет деп білемін. Сіздердің әрбір игі істеріңіз – еліміздің ертеңі үшін жасалған шынайы еңбек,- деп атап өтті.

Сондай-ақ, қоғамдық өмірге белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірқатар батыр аналарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды.

Шара аясында қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов, сондай-ақ аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі К.Раева сөз алып, аналарға ілтипат білдірді.

Аналар атынан жылы лебіздер де айтылып, рухани кеш әсерлі ән-шашумен жалғасты. Әсіресе, барша қатысушылар бірігіп орындаған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні көпшілік көңілінен шығып, ерекше тебіреніс сыйлады.

Шара соңы қатысушылардың естелік суретке түсуімен қорытындыланды.

18 қыркүйек 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930