» » "Бақытты отбасы" жобасы аясында батыр аналармен кездесу өтті

"Бақытты отбасы" жобасы аясында батыр аналармен кездесу өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Бақытты отбасы» жобасы аясында батыр аналармен кездесу өтті. Онда «Отбасы бақыты» тақырыбында өзекті мәселелер талқыланып, көпбалалы аналарға арналған жәрдемақылар жайында сөз қозғалды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы филиалының Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы Әділхан Мырзақұлов жәрдемақылар жайында былай жеткізді.
– Бүгінде ауданда 4218 зейнеткер бар. Олар нақты өз зейнетақыларын алып отыр. Одан бөлек, 1097 мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандарға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеп отырмыз. Сондай-ақ жәрдемақы алушылардың да түрі көп. Олар да әр санатқа бөлінген. Атап айтсақ, босанған әйелге яғни ол жұмыс істесе де, істемесе де беріледі. Оған қоса, бір дүркін тағайындалған. Көпбалалы, алтын алқа, күміс алқа, Батыр аналарға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы қарастырылған, – дейді бөлім басшысы.
Шара соңында қатысушылар сала мамандарына көкейдегі сауалын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

10 желтоқсан 2020 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 023
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031