» » Елден алғыс жинаған

Елден алғыс жинаған

Мақаламызға арқау еткелі отырған маман иелерінің қызметін жай айта салу әсте келмес. Себебі көрсеткен әр қызметіне бүгінде ел-жұрт өз алғысы мен бағасын беріп те қойған. Кешегі пандемия уақытында жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге жәрдемақы тағайындап, күні-түні қызмет еткен де осы жандар. Бұл – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы филиалының Қармақшы аудандық бөлімі еді. Бөлім басшысы Әділхан Мырзақұлов басқаратын ұжым ел-жұртқа «зейнетақы төлем орталығы» деген атпен таныс. Қазіргі жаңа атауын мұнда бас сұғып жұмыспен келгендердің бірі білсе, бірі біле бермейді.

Кешегі өткен «Әлеуметтік қызметкерлер» күні осы майталман маман иелеріне де тиесілі. Мерекеден бөлек бөлім қызметкерлерінің жұмысымен танысуды жөн көрдік. 11 адамнан құралған ұжым аудан халқына сапалы қызмет көрсетуде. Оның ішінде 5 маман зейнетақы мен жәрдемақыларды зейнеткерлерге базалық зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы жүргізуде. Әділхан Сейтжанұлының айтуынша, төлемнің түрлері осында қаралып, тағайындалуда.
– Бүгінде ауданда 4218 зейнеткер бар. Олар нақты өз зейнетақыларын алып отыр. Одан бөлек, 1097 мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандарға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеп отырмыз. Сондай-ақ жәрдемақы алушылардың да түрі көп. Олар да әр санатқа бөлінген. Атап айтсақ, босанған әйелге яғни ол жұмыс істесе де, істемесе де беріледі. Оған қоса, бір дүркін тағайындалған. Көпбалалы, алтын алқа, күміс алқа, Батыр аналарға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы қарастырылған. Қазіргі күні жәрдемақы тағайындалған 20-ға жуық өзге ұлт өкілі бар. Соғыс ардагерлеріне, оның ішінде 252 тыл ардагері, Ауғанстан, Вьетнам соғысы, Чернобыль және Семей полигонына қатысқандарға республикалық бюджеттен тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақыларды уақытылы төлеудеміз, – дейді бөлім басшысы.
Біз барғанда қызметкерлер алдына жиналған қағаздан бас алмай жұмыс істеуде. Аудандағы осыншама зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың санын жіктеп, құжаттарын рәсімдеу де осы мамандардың тиянақты жұмысының арқасында іске асатын дүние. Тіпті тіркеуде жоқ зейнет жасы келген азаматтарды да шетел асып іздестіріп, оның жәрдемақысын тағайындау осыларға жүктелген.
Тағы бір айта кетерлік жайт, кешегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға жәрдемақы тағайындауды жүргізіп, төлем жүргізген.
– Карантин уақытында күн-түн демей 20 мыңға жуық тұрғынға 42500 теңге төлем жасадық. Ол кезде демалу дегенді білмедік. Сенбі, жексенбі күндері де ішке келіп жұмыс істеген кезіміз болды. Іштегі 4 маман өз кәсіби біліктілігін көрсете білді. Әріптестерімнің еңбегін ерлік деп санаймын. Бала-шаға, отбасы дегенді ұмыттық десек те болады. Бірінші орында – халыққа қызмет ету, – дейді Ә.Мырзақұлов.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 қараша 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031