Елімізде 940 мың зейнеткер не болмаса жалпы зейнеткерлердің 44,5 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады. Бұл туралы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге арналған баспасөз-конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова Светлана мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, егер зейнеткердің еңбек өтілі 33 жылға толса, ол базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейіның 100 пайызын алады. Жақыпова Мемлекет Басшысы өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды екен. Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. "Аталған өзгерістер барлық зейнеткерлерге қатысты болады. Саны бүгін 2 миллионнан аса адам болатын қазіргі барлық зейнеткерлерге базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде біржолғы жүзеге асырылады. Алдағы уақытта зейнеткерлікке шығатын адамдарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме арқылы белгіленетін болады. Қайта есептеу қосымша құжаттар талап етілмей жүргізіледі, себебі еңбек өтілі туралы мәліметтер зейнетақы істерінде бар, ал міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы дерекқорында бар", - деп атап өтті вице-министр.
Пікір 1