» » «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

«ОҚУШЫЛАР ҮЙІ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

Жаңа оқу жылы – жаңа бастамалар мен үлкен үміттерге толы ерекше кезең. Осыған орай, бүгін Қармақшы ауданының Оқушылар үйінде жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған «Оқушылар үйі – болашаққа бастар жол» атты салтанатты шарасы өтті.

Мерекелік іс-шараға Қармақшы ауданы әкімінің аппаратының басшысы Диас Молдабаев арнайы қатысып, барша оқушылар мен ұстаздарды құттықтады. Ол өз сөзінде шығармашылық пен дамуға жол ашатын бұл орталықтың маңызын атап өтіп, жас тәрбиеленушілерге сәттілік тіледі.

«Жаңа оқу жылында сіздерге шабыт пен толағай табыс, шәкірттеріңізге жарқын жетістіктер тілеймін!Жастарымыздың бойынан дарын, білімге деген құштарлық пен еңбекке адалдық ешқашан сөнбесін! Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел болашағы. Үйірмеге алғаш қадам басып отырған жас өрендердің білім мен тәрбие жолындағы бастамаларына сәттілік тілеймін» – деп атап өтті.

Шара барысында үйірмеге алғаш қадам басып отырған бүлдіршіндер мен олардың жетекшілері ортаға шақырылып, оларға кітап табыстау рәсімі өткізілді. Бұл – балалардың білімге деген алғашқы қадамдарын қолдау мен шабыттандыру мақсатында жасалған игі бастама болды.

Мерекелік іс-шара «Алғашқы қоңырау соғу» рәсімімен жалғасын тапты. Сондай-ақ бағдарлама аясында Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері ән мен би арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлап, жиналған қауымға жағымды әсер қалдырды.

Айта кетейік, аталған білім мекемесінде жыл сайын 1000-нан аса оқушы қамтылады. Бүгінде 27 үйірмеге 1060 бала тіркеліп, өз қабілеттерімен, қызығушылықтарымен білім алуда.
13 қыркүйек 2025 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031