» » СЫР ӨҢІРІНДЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ XXXVIII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ XXXVIII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ


Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының XXXVIII облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір аптаға жалғасатын дүбірлі додада 1000-ға жуық спортшы 16 спорт түрінен бақ сынайтын болады.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанұлы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Биыл дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасының ұйымдастырылып келе жатқанына 38 жыл толып отыр. Бұл жарыс ауылдық жердегі талай талантты спортшының шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты. Алғаш рет Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде өткен бұл дода қазір облыс көлемінде дәстүрге айналып, ауыл-аймақта бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді. Ең бастысы жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдауға ықпал етіп келеді. Бүгінгі жарыста шын мықтылардың топ жарарына сенемін. Баршаңызды берекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын!, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.

Өз кезегінде еңбек ардагері Нұрлыбай ақсақал спортшыларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

Шара соңында жас спортшылар таеквондо және көркем гимнастикадан арнайы қойылым ұсынып, талантты өнерпаздардың гала-концертімен жалғасты.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

19 тамыз 2025 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930