» » Абай күні – рухани жаңғыру күні

Абай күні – рухани жаңғыру күні

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде. Қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы – ғұлама ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абайдың жүрегінен шыққан әрбір туынды – халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас ұрпақ үшін Абайдың өсиеттері мен өлеңі асыл қазына. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абайдың өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсіну арқылы рухани жаңғырудың маңызын түсінесіз. Қазіргідей даму бағдарымызды болжап, жаһандану кезеңіне аяқ басқан шақта Абай салған сара жолмен жүру аса маңызды. Нағыз жаңғыру – Абай. Абайсыз рухани жаңғыру мүмкін емес. Ендеше, Абайдың рухани мұрасын танып, оның көрсеткен бағытбағдарымен жүрсек жаңылмаймыз.
Осы орайда Байқоңыр қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай күні – Ұлы ақынға тағзым!» атты тағзым ету шарасы өткізілді. Жиын Абай ескерткіші алаңында ұйымдастырылды. Жиналған қауым Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық қойылымды тамашалап, оқушылардың орындауында ақын өлеңдерінен үзінділер тыңдады. Абай образы көрініс арқылы бейнеленіп, ақынның даналығы кеңінен насихатталды.
Іс-шара барысында Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Алексей Геннадиевич, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламұлы, аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы және тағы да басқа сала басшылары сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұлт руханиятындағы маңыздылығын кеңінен атап өтті. Сондай-ақ, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы Өміржан Жұмаділдәұлы жүрекжарды лебізін білдіріп, ұлы ақынға Құран бағыштады.
Іс-шара одан әрі мәдени бағдарламаға ұласып, «Назқоңыр» ансамблі, «Жас-дәурен» қобызшылар ансамблі және жергілікті өнерпаздар көрерменге рухани сый тартты. Жиын соңында жиналғандар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кемеңгер тұлғаның рухына тағзым етті.
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырма­ сымен Қармақшы ауданынан арнайы делегация тағылымды шараға қатысты. Ұлт руханияты мен мәдениетін ұлықтауға арналған бұл жиын Абай мұрасын насихаттап, жастарға өнеге боларлық мазмұнда жоғары деңгейде өтті.
«Қт» ақпарат

13 тамыз 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 209
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031